Министрлер шешім қабылдаудан қорқады - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында мемлекеттік аппарат пен норма шығару қызметін бюрократиясыздандыру тиісті деңгейде жүргізілмегенін айтып сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр мемлекеттік аппарат пен норма шығару процесінің қызметін бюрократиясыздандыру бағытында маңызды жұмыс басталды.

Ең маңызды мәселелер бойынша сапалы заңдарды тез қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Алайда, мойындау керек, шынайы бюрократиясыздандыру болған жоқ.

Үкімет бюрократия мен ведомстволар арасындағы, Үкімет пен Президент Әкімшілігі арасындағы көптеген келісімдерге сәйкес келетін маңызды шешімдерді қабылдаудан бас тартады», - деді Президент.

Мемлекет басшысы электрондық парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар қоғамның билікке деген сенімін арттыратынын атады.

«Министрлер шешім қабылдаудан қорқады, жауапкершілікті әріптестеріне немесе қарамағындағыларға жүктейді. Мұның бәрі қолайсыз.

Цифрландыру мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігінде маңызды рөл атқарады.

Электрондық үкіметтің инфрақұрылымын дамытумен қатар, биліктің өкілді тармағын одан әрі цифрландыруға да назар аудару қажет.

Электрондық парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар қоғамның билікке деген сенімін едәуір нығайта алады.

Жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелілігінің негізгі шарттарының бірі толық және сенімді деректердің болуы болып есептеледі.

Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін деректер қорын өзара кіріктіру және «ақылды технологияны» пайдалану өте маңызды. Бұл қадам қабылданатын шешімдердің сапасын арттырады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы өтіп жатыр. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.


Соңғы жаңалықтар