Министрлер Павлодар және Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8-9 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердікбек Сапарбаев бастаған Үкіметтегі жұмыс тобы Павлодар және Ақмола облыстарына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат вице-премьердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобының құрамына Үкіметтің әлеуметтік блог: білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің басшылары кіреді.

Жұмыс тобының мүшелері өңірлерде тұрғындармен, ұжымдармен, денсаулық сақтау және білім беру ісінің қызметкерлерімен кездеседі. Азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдап, әлеуметтік және мәдени нысандарды, ауылдық жерлерді аралайды.

Сапардың негізгі мақсаты – Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді ел Үкіметі орындап жатқаны туралы халықты хабардар ету.

Бұдан бұрын үкіметтік жұмыс тобының өкілдері Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарымен кездесті.

Соңғы жаңалықтар