Министрлер мен депутаттардың жалақысы өспейді - Тимур Сүлейменов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан кәсіпкерлерін әлеуметтік жауапкеркешілік танытып және тауар бағасын өсірмеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Қазақстан халықына Жолдауында ең төменгі еңбекақыны көтеруге қатысты тапсырма берген болатын. 

«Еңбекақыны өсіру қатардағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Шын мәнінде, мемқызметшілердің бір бөлігі еңбекақыны ең төменгі деңгейде алған болатын. Енді олар тиісті үстемеақыны алады. Бұл өз кезегінде қатардағы қызметшілер, яғни олар министрлер мен олардың орынбасарлары немесе депутаттар емес. Бұл тек қанаға бюджеттік сала қызметкерлеріне қатысты. Осы орайда, мұғалімдер, кеңсе қызметкерлері, іс жүргізушілер, ауруханадағы санитарлар қамтылады. Атап айтқанда, Жолдаудағы міндеттер осы қатардағы адамдарға бағытталды. Сондықтан еңбекақының өсуі министрлер мен лауызымды шенеуніктерге қатысы жоқ», - деді Тимур Сүлейменов Мәжілістегі жалпы отырыстан кейін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан кәсіпкерлерін әлеуметтік жауапкеркешілік танытуға және еңбекақыны көтеріп, тауар бағасын өсірмеуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар