+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Министрлер мен әкімдер су қоймасын қоқыстан тазалады - ВИДЕО

2019 жылғы 20 шілде 13:26
Бөлісіңіз:
Министрлер мен әкімдер су қоймасын қоқыстан тазалады - ВИДЕО

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоянды су қоймасын қоқыстан тазартуды мақсат еткен «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында соңғы 3 жылда қоқысты қайта өңдеу көлемі сегіз есе артқан «ҚазАзот» АҚ-ға 1,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды Ақтөбеде 3 күнде 100-ге жуық табиғатты қорғау заңдылығын бұзу дерегі анықталды

Акцияға 1200 адам қатысып, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қоянды су қоймасын тазалады. Жалпы көпшілікпен бірге қоқыс жинауға Үкімет мүшелері, елорда мен Ақмола облысының әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпус, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, студенттер мен волонтерлер атсалысты.

#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына атсалысқан Премьер-Министр Қоянды су қоймасының жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарына қолғабыс жасады. Үкімет басшысы барлық облыс басшыларын министр Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасын жалғастыруға шақырды.




«Мен бұл акция бүкіл Қазақстан бойынша жалғасатынына сенімдімін. Бұл жобаны Қазақстан аймақтарында дамытуға шақырамын. Акция жалпыхалықтық сипат алып, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына жол ашады деп сенемін», - деді Асқар Мамин.


Еске сала кетейік, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа бастама көтеріп, елорда маңындағы демалыс орындарын бірге тазалауға шақырған болатын.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Экология, Видео,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT