Министрдің орынбасары ҚАЖК басшысының қызметінен кетуіне түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дарқан Қанатбековтің қызметінен босатылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Бұл шешім оның өз еркімен жасалды. Ол өзі рапортпен өтінім берді. Оған қатысты қандай да теріс сипаттағы мінездеме берілген жоқ, сондай-ақ осының алдында ешқандай қызметтік тексеру де жүргізілген емес. Атап айтқанда, оған қатысты тексеру шаралары болмады», - деді А. Калайчиди Парламент Сенатында тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, әрбір басшы өзінің мүмкіндігіне баға беруге құқылы.

Осы орайда, министрдің орынбасары әрбір адам қалыптасқан жағдайға қалай әрекет ететін өзі айқындайтыны айта келе: «Қызметтен кету туралы рапорт жасау үшін ол айтарлықтай жауапты қадамға барып отыр», - деді ол.

Естеңізге сала кетейік, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дарқан Қанатбеков қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар