+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Министрдің қатысуымен Жалпыға бірдей ақпаратқа қол жеткізудің халықаралық күніне орай вебинар өтті

2021 жылғы 28 қыркүйек 19:05
Бөлісіңіз:
Министрдің қатысуымен Жалпыға бірдей ақпаратқа қол жеткізудің халықаралық күніне орай вебинар өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін министр Аида Балаеваның қатысуымен «Білу құқығы – ақпаратқа қол жеткізу арқылы адамдардың өмірін жақсарту» тақырыбында Түркістан облысы мемлекеттік органдарының ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғаларға арналған қазақ тіліндегі вебинардың жұмысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Балаева: Мемлекет пен қоғамның өзара тиімді іс-қимылы - Президент бастамаларының нәтижелі болуының кепілі

Шараны 28 қыркүйектегі Халықаралық ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізу күніне орай Министрліктің қолдауымен Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы ұйымдастырды.

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселесі – біздің күнделікті өміріміздің қай саласында да басты қажеттілік. Оның маңызы әсіресе осы пандемия кезінде айқын біліне түсті. Сондықтан басты мақсатымыз – өзекті тақырыптарды дер кезінде анықтап, қоғамды толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ету», - деді Аида Балаева.

Вебинар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін оқытуға бағытталған.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың соңында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға енгізілген жаңалықтарға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар (бөлімшелер) анықталды.

«Әрине, бұл салаға жауапты қызметкерді заңмен бекіту – бірінші қадам ғана. Бұл бағыттағы жұмыстың жүйелі де сапалы жүруі үшін – оларды тұрақты оқытып, біліктілік деңгейін үнемі жетілдіріп отыру қажет», - деп атап өтті Аида Балаева.

Айта кеткен жөн, бұл екінші рет өткізілген вебинар. Бұған дейін, 2020 жылдың қараша айында бірінші вебинар Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді.

Вебинар материалдары мына сілтеме бойынша қолжетімді:


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT