+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Министр жүлдегер спортшыларға баспана беру тәртібін түсіндірді

2019 жылғы 21 қараша 14:18
Бөлісіңіз:
Министр жүлдегер спортшыларға баспана беру тәртібін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жүлдегер спортшыларға баспана беру тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Допинг қолданған 7 зілтемірші екі жыл бойы жарыстарға қатыса алмайды Мерей Ақшалов спорт жолын таңдаған жастарды адал болуға шақырды Спортшылар дәрі-дәрмек қабылдағанда өте мұқият болуы керек - бапкер

Бүгін Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды.

«Заң жобасында Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне 10 жыл мерзімге жалға беру негізінде тұрғын үй ұсыну, сондай-ақ допинг-тестілерді сақтау мерзімі 10 жыл болуына байланысты осы мерзімге аталған тұрғын үйді иеліктен шығаруға тыйым салу көзделген. Егер осы кезеңде сынамаларда допинг анықталмаса, тұрғын үй спортшының меншігіне берілетін болады», - деді А. Райымқұлова Сенаттың жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері болып саналатын спортшы қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, допингтік сынаманың нәтижесіне қарамастан, мұрагерлерінің тұрғын үйді өтеусіз алуы көзделген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақтоты Райымқұлова допинг үшін спортшылар мен жаттықтырушыларды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты.

Айта кетейік, 2013 жылдан бастап жұмыс істеу кезеңінде қазақстандық спортшылардың допингті қолдануының 307 оқиғасы анықталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT