Министр ЖОО оқытушыларының жалақы ставкаларын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырсында жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақы ставкаларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді. Осы конкурстық жүйе арқылы кейінгі екі жылда ректорлар корпусының 50-нан астамы жаңартылды. Конкурстық тәртіптің арқасында университеттер басшылығына халықаралық тәжірибесі мен ғылыми әлеуеттері бар әлемдік үздік жоғары оқу орындарының түлектері және «Болашақ» бағдарламасының стипендианттары тағайындалды», - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, әр университетте Провост институты құрылып, оқу орындарының кадр резерві де жасақталып жатыр. Ал басқару жүйесінің трансформациясы университеттерде инновациялық менеджменттің дамуына, сапасын көтеріп тиімділігін арттыруға әсер ете бастаған.

«Білім сапасы бірінші кезекте оқушылардың кәсіби біліктілігіне де байланысты екені анық. Сондықтан әріптестеріміз үшін қолайлы жағдай жасау біздің басты назарымызда. Мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында биыл қыркүйек айынан бастап оқытушылардың жалақысы орташа алғанда екі есеге жуық көтерілді. Оқытушыларға 1 ставкаға минималды түрде 200 мың теңге, ғылым кандидаттарына 260 мың теңге, ғылым докторларына 350 мың, ал ұлттық уинверситеттерде 400 мың теңгеге дейін жалақы төлеу бойынша шешім қабылданды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар