Министр ЖІӨ-нің қазіргі деңгейін сақтау үшін не істеу керектігін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау, Батыс Казақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында жалпы өңірлік өнім өспеуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша бірқатар көрсеткіште орнықты серпін сақталуда. Дегенмен, төрт өңірде бекітілген меморандумдар аясында жалпы өңірлік өнімнің нысаналы өсуіне қол жеткізбеу қаупі бар. Олар - Маңғыстау, Батыс Казақстан, Алматы және Жамбыл областары», - деді ол.
Осыған байланысты министр жалпы ішкі өнімді ағымдағы деңгейде сақтау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар қандай шараларға баса назар аудару қажеттігін атады.
«Біріншіден, негізгі капиталға салынған жаңа инвестицияларды тартуға нақты шаралар қабылдау. Өйткені инвестициялар экономиканың орнықты өсуі үшін негізгі шарт болып саналады. Екіншіден, экономика салаларында қол жеткізілген қарқынды төмендетпеу. Үшіншіден, жалпы өңірлік өнімнің өсуін меморандумдарда бекітілген деңгейден төмен емес мәнде қамтамасыз ету. Төртінші міндет - өңірлерге астықты жинауды уақтылы қамтамасыз ету және тұтынушылар тауарларына, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде жеміс-көкөністердің бағасына мониторингті күшейту», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар