Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Министр Жаңа жыл қарсаңындағы азық-түлік бағасы туралы айтты

2018 жылғы 19 желтоқсан 11:44 1419
Бөлісіңіз:
Министр Жаңа жыл қарсаңындағы азық-түлік бағасы туралы айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік пен өзге де тауар құнының өсуі мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Инфляция 500-ден астам тауарға қатысты, яғни көкөніспен қатар, өнеркәсіптік тауарлар мен қызметтер қамтылып отыр. Олар бойынша қазір жағдай қалыпты. Атап айтқанда, тарифтерті төмендету бойынша іске асырылып жатқан Президент тапсырмасы тұрғысында инфляция 5-7 пайыз дәлізінде болады деп күтілуде», - деді министр Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан соң тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол сұраныстың артуы бағаның өсіміне алып келетінін де атап өтті.

«Бұл жағдай түсінікті, себебі біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Тауарға сұраныс артқан сайын, баға үнемі жоғарылай береді. Бұл тұрғыда қонақ үйлерде жаз кезінде басқа қалыптасса, қыста баға керсінше төмендейді. Осы жағдайлар нарықтың аясында қалыптасып отыр және оған дайын болу керек», - деді Тимур Сүлейменов.

Министрдің атап өтуінше, азық-түлікті арзан бағамен сату үшін мемлекет тиісті дүкендерді ашуды жоспарламайды.

«Егер де біз нарықтық жағдайда өмір сүргіміз келсе, онда біз оның оңтайлы тұстарымен қатар, бағаның өсуіне қатысты басқа да жақтарын қабылдауымыз керек. Қайталап айтамын, бұны министрлік те, Үкімет те істеп жатқан жоқ. Осы іс-қимылдар нарық субъектілеріне байланысты. Әрине, лимиттерді елемейтіндер байқалса, біз оларды монополияға қарсы реттеу тетіктері арқылы жазаға тартамыз», - деді ведомство басшысы.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT