+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Министр Жамбыл Жабаевтың мерейтойы аясында өткен шаралар туралы айтты

2021 жылғы 14 қазан 13:57
Бөлісіңіз:
Министр Жамбыл Жабаевтың мерейтойы аясында өткен шаралар туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының аясында мемлекеттік тапсырыспен шыққан 10 томдық жинақ республикалық кітапханларға 30 мың данамен таратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елордадағы Ұлттық акажемиялық кітапханада өткен шарада айтты.

«Ұлы ақынның мерейтойы биыл жалпы республикалық жоспар бойынша жан-жақты іске асырылуда. Министрлік тарапынан жыл ішінде ақынның шығармашылығын насихаттауға бағытталған әдеби кештер, тақырыптық экскурсиялар, кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, ақындар айтысы және басқа да іс-шаралар өткізілуде. Жамбыл тұлғасын шетелде таныту бағытында да елеулі жұмыстар жүргізілуде. Биыл мамыр айында Беларусь, Әзербайжан елдерінде «Жамбыл» көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Маусым айында Канадада «Жамбыл тойы – жыр тойы» атты деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында Жамбыл жылы жариялануына байланысты халықаралық қазақ-қырғыз айтысы өтіп, ел атынан қатысқан 8 ақынның ішінде Айбек Қалиев бас жүлдеге ие болды», - деген министр ақынның таңдамалы шығармалары қырғыз тіліне аударылып, кітаптың тұсаукесері өткенін еске салды.

«Жақында ғана Түрксой халықарылық ұйымының ұйымдастыруымен Түркияда Жамбыл өлеңдері түрік тіліне аударылып, таныстырылды. Ақын шығармашылығын ғылыми зерттеу бағытында «Жыр алыбы» және «Ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы тарих айнасында» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Жамбылға жаңаша көзқарас» атты мақалалар жинағы шығарылды. Осындай игілікті істердің қатарында жалпы республикалық іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік тапсырыспен Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы мен өмір жолына арналған 10 томдық кітаптың жарыққа шыққанын атап өтуіміз керек. Бүгін көпілік оқырманға таныстырылғалы отырған бұл жинақ 30 мың басылып шығып, республика кітапханаларына таратылады», - деді Ақтоты Райымқұлова.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT