Министр Ұлттық киноны қолдау орталығына қатысты тергеуге пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық киноны қолдау орталығының басшылығы іліккен тергеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынында да, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен ондағы заңбұзушылықтар туралы хабарлама келіп түсті. Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы Сәрсенова ханымға қатысты тергеу жүріп жатыр. Әлі сот болған жоқ. Өздеріңіз білетіндей, заңға сәйкес адам тергеуде болған кезде егер ол өз еркімен өтініш бермесе немесе басқа да әкімшілік шаралар қолданбаса, оны жұмыстан шығару мүмкін емес», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ақтоты Райымқұлова осы себепті орталықтың жетекшілігі әлі де Сәрсеновада екенін айтып өтті.

«Біз сот шешімін күтеміз. Кез-келген жағдайда сот шешімі шыққанға дейін адам өзінің құқығын пайдалана алатынын білесіздер. Сондықтан бүгін де бізде әлі екі жас орынбасар бар. Ол орынға кезінде Қазақфильмді басқарған Арман Әсенов ұсынылды. Бірақ өкінішке қарай, ол бас тартты. Сондықтан сот отырысы өтіп, бұл орын босатылған кезде, әрине, конкурстық негізде басшы анықталады. Бізде осы салада жұмыс істей алатын шын лайықты адамдар бар деп ойлаймын», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар