Министр туристер үшін құрылатын сапар-орталықтарының жұмысы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Рухани қазына» І фестивалінде мемлекеттік тарихи-өлкетану музейлері мен музей-қорықтар қызметі туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Музей ісіндегі экспозициялардың келушілер үшін қызықты болуын қамтамасыз етіп, коллекциялар мен музей қорларын цифрландыруға ерекше назар аудару керек. Бұл мәселе «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобасымен біте қайнасып жатыр. Ұлттық музей жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми орталығының негізгі мақсаты - еліміздегі қасиетті тарихи орындарды анықтап, оларды ұлттық-идеологиялық деңгейге көтеру», - деп атап өтті министр фестивальдің ашылу салтанатында.

nullМинистр «Ұлытау», «Отырар», «Таңбалы» тарихи-мәдени музей-қорықтарының туристік тартымдылығын жақсарту үшін сапар-орталықтар салынып жатқанын еске салды. Сондай-ақ, республикалық «Бозоқ», «Ботай» және «Сарайшық» музей-қорықтарын құру жұмыстары жүріп жатыр.

null«Бұл сапар-орталықтар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге, мәдени-ағарту, ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыруға үлкен үлес қосады. Осылайша, бұрын елеусіз болып келген киелі жерлерді қорғау, насихаттау жұмыстары жаңа сапаға көтеріледі», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетсек, Астанада Мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің тұңғыш «Рухани қазына» фестивалі өтіп жатыр. Оған Семей полигонының құрбандарына арналған «Заман-ай» әнін жапон тілінде шырқайтын Хиросима әншісі Мичида Риокко арнайы келді.

nullҮш күнге жоспарланған шара аясында пленарлық отырыстар, шеберлік сабақтар мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, мемлекеттік музейлер мен мемлекеттік кітапханалар арасындағы республикалық «Рухани қазына - 2018» байқауының нәтижесі жарияланады.

Соңғы жаңалықтар