Министр Тұрғымбаев әйелді суицидтен құтқарған полицейлерді медальмен марапаттады
2021 жылғы 29 қараша 05:08

Министр Тұрғымбаев әйелді суицидтен құтқарған полицейлерді медальмен марапаттады

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында суицидке бармақ болған әйелді құтқарған полицейлер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев гарнизондық саптық жиын барысында үш полицейге медальдар табыстады.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақтау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, атап айтсақ взвод командирі Болат Ибрагим және қызмет инспекторлары Бауыржан Сарсенбаев пен Әділ Изанов «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

29 қазан күні Ақтауда полицейлер 9 қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалған болатын. Полицейлердің үйлесімді әрекет етуі 46 жастағы азаматшаның өмірін сақтап қалды. Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаев тәртіп сақшыларына қызметтері үшін алғысын білдірді.

««Жұртқа жақын полиция» қағидаты және полицияның сервистік модельге өтуіне сәйкес халықпен қарым-қатынас оң жолға қойылып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты орында болуы тиіс», – деп атап өтті Жанарбек Бақтыбаев.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT