Министр «Скат» ұшағының апатты жағдайда қонуына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жақында «Скат» әуе компаниясы ұшағының апатты жағдайда қону оқиғасына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Скат» ұшағының апатты жағдайда қонуына әуе кемесінің жоғары эшелонындағы салонда саңылаудың пайда болуы себеп. Әрине, бұл оқиға баршамызды алаңдатады. Экипаж кәсіби түрде әрекет етіп, ұшақты қалыпты режімде қондырды. Қазіргі кезде тексеру шаралары жүріп жатыр. Қорытынды шығарылғаннан кейін, оның себебін жариялаймыз», - деді министр.

Сонымен қатар Р. Скляр екінші ұшқыш ауруханаға түскенін растады.

«Екінші ұшқыштың денсаулық жағдайына байланысты, яғни есінен танып қалғаннан кейін тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытты оның жағдай жақсы», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, SCAT әуе компаниясының ұшағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонды.

Соңғы жаңалықтар