+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Министр Шамалғандағы өткелге қашан көпір салынатынын айтты

2019 жылғы 16 қыркүйек 13:58
Бөлісіңіз:
Министр Шамалғандағы өткелге қашан көпір салынатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Шамалғандағы апат тіркелген жолдағы кептелісті шешу үшін көпір салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шамалғандағы апат: Анасы мен қос қыздың денсаулығы белгілі болды Шамалғандағы көлік апатынан жапа шеккен бала ата-анасын таныды Шамалғандағы апаттан зардап шеккен 5 жасар қыз есін жиды

«Біз өтпежолда көпір салуды келесі жылға жоспарлап отырмыз. Бірақ, көпір дәл осы өткелде емес, жер үйлер азырақ орналасқан аумақта салынады», - деді Роман Скляр ОКҚ-да тілшілердің сұрақтарына жауап беріп.

Министр көпір бойынша жобалар жұмыстары келесі жылы басталатынін жеткізді.

«Жобалау мерзімі шамамен 3-4 айды алады. Келесі жылы өткелде көпір құрылысын бастап кетуді жоспарлап отырмыз. Ол одан басқа жерде орналасады», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін министр Шамалғандағы өткелге көпір салу үшін 70 жер үйді сүру керектігін айтқан еді.

Осы оқиғаға байланысты ІІМ көліктегі полиция қызметкерлері бақылау жұмыстарын күшейтпек.

Еске сала кетсек, кеше Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен.

Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуі бала.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура өз бақылауына алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT