Министр пойыз билетін арзандату жөнінде: Ол мәселені талқылаған жоқпыз

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев пойыз және автобус билеттерінің бағасын арзандатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазда ата-аналар балаларымен бірге сапарлап қыдыруы үшін автобустар мен пойыздардағы билет бағасын арзандатуды жоспарлап отырсыздар ма?», - деп сұрады БАҚ өкілі.

Министр бұл мәселені талқылауға дайын екенін айтып, қысқа жауап қатты.

«Ондай мәселені талқылаған жоқпыз. Талқылап жатсақ, қосымша айтып беремін», - деді Марат Қарабаев.


Соңғы жаңалықтар