Министр мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық орталығы жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректер негізінде МИБ-ті және ЖС басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша статистикалық деректерді жүргізеді. Әрбір өңірде жергілікті атқарушы органдарда МИБ және ЖС басқарудың жаңа нысандарына көшу жөніндегі жол картасы бекітілді. Басқарудың жаңа нысандарына жүйелі көшу бойынша жұмыс жалғасуда», - деп жазды Қайырбек Өскенбаев депутаттық сауалға берген жауабында.

Министр биылғы 22 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мақұлданғанын еске салды.

Осы заң шеңберінде кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімін ұзарту жөніндегі норма заңға енгізілді.

«Заңның негізгі идеяларының бірі – тұрғындарға өз үйлерін өздігімен немесе жасалған келісім негізінде басқарушы компанияларды немесе көппәтерлі тұрғын үй менеджерін тарту арқылы басқару құқығын беру. Бұл ретте кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы шешім қабылдау пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылатынын атап өтеміз», - дейді министр.

Ол үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жай серіктестік немесе коммерциялық емес ұйым-мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) құруы тиіс.

«Кондоминиум объектісін басқарудың екі формасы да «бір үй – бір бірлестік немесе жай серіктестік – бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейді, бұл мүлік иелерінің әрбір бірлестігі, жай серіктестік өзінің ағымдағы және жинақ шоттарын ашатынын білдіреді. Бұл көппәтерлі басқару және ұстау процестерінің қаржылық ашықтығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Қ. Өскенбаев.

Бұған дейін Парламент МИБ-ке ауысу мерзімін 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартқан еді.



Соңғы жаңалықтар