Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 363.26 EUR 420.11
RUB 5.54 CNY 52.45
Жаңалықтар

Министр Мұхамедиұлы әншілердің магистратурада оқуына қатысты пікір білдірді

2018 жылғы 17 шілде 19:33 2116
Бөлісіңіз:
Министр Мұхамедиұлы әншілердің магистратурада оқуына қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы танымал әншілердің магистратура мен докторантурада оқуы туралы сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен жақында Қайрат Нұртас, Мейрамбек Беспаев магистураны оқып бітіргені жайында мақала оқыдым. «Олар не үшін оқып жүр?» деген сыни пікірлерді көзім шалды. Негізі бұл - өте қуанышты жағдай. Шығармашылық адамдар үнемі білімге құштар болып келеді. Мысалы, Сәкен Майғазиев Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының докторантурасында оқып жүр. Бұл оңай шаруа емес», - деді А.Мұхамедиұлы Астанада «Бастау» домбырашылар тобымен кездесуінде.

Министрдің айтуынша, бұл жерде өнер адамдарының білім алуға деген құлшыныстары маңызды.

«Бізде оқуын жалғастырып жүрген өнер адамдарының ішкі негізі қалыптасқан. Мәселен, Мейрамбаек Беспаев Күләш Бәйсейітова атындағы музыкалық мектепті аяқтаған. Т. Жүргенов атындағы академияда оқыған. Кейінірек, ол Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистратурасын бітірді. Ал Қайрат Нұртас Алматыда эстрадалық цирк колледжінде танымал педагог Лаки Кесоглудан  дәріс алған. Астанаға қоныс аударып, Еуразия Ұлттық университетінде магистратурада оқыды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Себебі, бұл шығармашылық адамдарының білімге деген құштарлығын, алға ұмтылысын білдіреді. Әйтпесе олар «Өмірім онсыз да жақсы ғой. Оқудың не қажеті бар» деп айта алар еді ғой. Осы орайда, интеллектуалды шығармашылық ортамыздың барын мақтан тұтуымыз керек», - деді министр. 

Айта кетейік, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Мырзантай Жақып Фейсбуктегі парақшасында әнші және тележұлдыздардың ұлттық университеттердің магистратуралары мен PhD докторантураларына мемлекеттік білім гранттары бойынша оқуға түсіп жатқанын сынға алған еді. Оған «Мәдениеттану» мамандығы бойынша магистр дипломын қорғаған Мейрамбек Бесбаев жауап берді.

ҚазАқпарат агенттігіне жолдаған пікірінде Мырзантай Жақып той-томалақтардан көп қаржы табатын әншілер мен тележұлдыздардың ЖОО магистратуралары мен PhD докторантураларында өз қаражаттарына оқуын, шын дарынды жастарға арналған мемлекеттік білім гранттарына таласпауын жазды. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат