+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Министр мұғалімдердің жалақысын кешіктіргендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

2020 жылғы 26 ақпан 15:19
Бөлісіңіз:
Министр мұғалімдердің жалақысын кешіктіргендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысын кешіктіргендерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Бұл туралы министрліктің аппараттық кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысын дұрыс есептеуге қатысты тапсырма берді Мұғалімдердің жалақысы қалай көтеріледі

Министрдің айтуынша, кей өңірлерде педагогтер өз жалақыларын толық әрі уақытылы ала алмай отыр. Осыған орай, ведомства басшысының тапсырмасына сәйкес, апта соңына дейін барлық аймақтарда қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.

«Жалақы төлеуде не себепті кешіктірулер тіркеліп жатыр? Министрліктің комитеттері әр өңірде тексеріс жүргізуі тиіс. Мән-жайды анықтап, жауаптыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту керек. Мәселені бақылауда ұстаңыз», – деді Асхат Аймағамбетов вице-министр Бибігүл Асыловаға қарата айтқан сөзінде.

Айта кетсек, жалақыны есептейтін онлайн-калькулятор іске қосылғалы бір ай ішінде мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің өкілдері шамамен 1 500 000 рет жалақыларын өздігінен есептеп, тиісті қаражатын анықтаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT