Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Министр моноқалалардағы тау-кен қорының таусылуына алаңдаушылық танытты

2022 жылғы 23 маусым 15:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев экономикасы тау-кен металлургиясымен байланысты моноқалаларда кен қорын уақтылы толықтыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пайдалы қазбалардың мемлекеттік тізімінде 8 мыңнан астам кен орны бар. Оның ішінде мұнай-газ – 317 (мұнай, газ, конденсат), қатты пайдалы қазбалар – 910, кең таралған пайдалы қазбалар – 3 мыңнан астам және 4 мыңға жуық жер асты сулары кен орны бар. Еліміздегі мұнай қорының басым бөлігі Атырау (75%) мен Маңғыстауға (11%) тиесілі. Алтынның негізгі қоры Шығыс Қазақстан облысында 36%, Ақмола облысында 21% және Қарағанды облысында – 11% құрайды», - деді Серікқали Брекешев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен геология саласын дамыту тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында.

Сондай-ақ, министрдің мәліметінше, мыс қорының 82% шығыс және орталық өңірлерде шоғырланған.

«Қорғасын-мырыш кен орындарының 41% Орталық Қазақстанда, 33% Шығыс Қазақстанда және 21% Түркістан облысында жатыр. Пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты, әсіресе экономикасы тау-кен металлургиясы құрайтын моноқалаларда қорларды уақытылы толықтыру қажет. Тиісті толықтырусыз, көптеген тау-кен қоры таяу болашақта таусылуы мүмкін», - дейді ол.


Автор:

Дәулет Ізтілеу

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары