Министр медициналық сақтандырудың жаңа моделінің жетістіктерін талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2020 жылдан бастап бір адамды медициналық қамсыздандыруға жылына 92,2 мың теңге бөлінетін болады. Бұл 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін жаңа МӘМС және тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі моделінің арқасында мүмкін болмақ. Бұған тек міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын адамдар ғана қол жеткізе алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматыда өткен сақтандыру медицинасына алынған бағыт туралы өткен конференция барысында ҚР ДСМ басшысы Елжан Біртанов айтты.

«Жаңа жүйеге дайындық өте жоғары. Біріншіден, бүкіл нормативтік стандарттар, заңдар, бұйрықтар қабылданды. Ең маңыздысы инфрақұрылым жағынан бәрі қамтылған. МӘМС 2 жыл істеп келеді. 2 жыл ішінде Медициналық сақтандыру қоры медициналық мекемелермен келісім шартқа отырып ай сайын төлем жасалып жатыр. Ақпараттық жүйелер, цифрландыру мәселесі шешілуде. Техникалық жағынан дайындық өте жоғары болмақ.

Халықты, сақтандыру компанияларының өкілдерін, медициналық қызметкерлерді түсіндіру, оқыту жұмыстарын бастап жатырмыз. Офис құрылып жатыр. Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары өздері келіп танысып жатыр. Дайындық 100 пайыз деп айтуға болмайды. Бұл кезең-кезеңімен жүзеге асатын дүние. Біздің ойымызша 95 пайыз халқымыздың дайындығы бар», - деді минситр Елжан Біртанов.


ДСМ басшысының айтуынша, келер жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы ең маңызды мәселе ең негізгі медициналық қызметтерге қол жетімділік, дәрі дәрмектерге қолжетімділік мәселесі шешілетін болады.

«Қазір жылда адам басына медициналық қаржы көлеміне қосымша 60 пайыздан астам қаржы қосылады. Жаңа жүйе қосымша дәрі дәрмек, диагностика, оңалту шараларынан өтуге мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлердің айлығын көтеруге мүмкіндік туады. Бұрынғыдай бір адамға 52,5 мың теңге емес, жылына 92,2 мың теңге бөлінетін болады. Мемлекет басшысы үкіметке тапсырма берді. Мәселені қосымша зерттеп, ақылдасып, 1 қазанға дейін ой бөлісетін боламыз. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастау қажет», - деді министр.



Жаңадан енгізілетін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен МӘМС жаңа жүйесінің арқасында адамдар екі пакет арқылы медициналық көмек алатын болады.

Бұл жүйе қыркүйектен бастап Қарағанды облысында тестілік режімде енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар