Министр құқық қорғаушы Жовтистің Митинг туралы заң жобасына қатысты сынына жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында құқық қорғаушы Евгений Жовтистің Бейбіт жиындар туралы заң жобасына қатысты айтқан ойына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрын азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушылар, жергілікті атқарушы органдар митингке кез келген сылтаумен тыйым сала алатын. Неге бұлай болды? Бізде 14 облыс, республикалық маңызы бар 3 қала, 300-ге жуық аудан бар. Әр жергілікті атқарушы органның бейбіт жиын өткізуге қарсы өзінің тізімі бар болатын. Кейбірінде мұндай шешім жағдайға қарай қабылданатын», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Ол сараптама жүргізген кезде шеруге рұқсат бермеудің жүздеген себебі бар екені анықталғанын айтты.

«Ол себептерді тізіп айтудың қажеті шамалы. Жовтис мырзаның мұны жақсы білетініне және түсінетініне сенімдімін. Оның қазір бұл мәселеге неге барынша назар аударып отырғаны түсініксіз. Біз қазір рұқсат беруден бас тарту үшін нақты 13 себепті ғана көрсетіп отырмыз. Бұл ереже барлық аймаққа ортақ болады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар