+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Министр коронавирустың ресми статистикасынан бөлек тағы 37 адам көз жұмғанын айтты

2020 жылғы 4 маусым 18:26
Бөлісіңіз:
Министр коронавирустың ресми статистикасынан бөлек тағы 37 адам көз жұмғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі коронавирустың ресми статистикасы бойынша қайтыс болған 48 адамнан бөлек тағы 37 адам көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр Ақмола өңірінде облыс, қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды «Қызыл аймақ»: Қостанайда карантин шаралары қайта күшейді

Елжан Біртановтың атап өтуінше, бүгінге дейін коронавируспен тіркелген 12 124 адамның 48-і қайтыс болды. Бұл - науқастардың 0,4 пайызы.

«Әрине, бұдан бөлек 37 жағдайда басқа аурудан қайтыс болған науқаста коронавирус болғандықтан, олар да тіркеуге алынды. Бірақ, біздің ресми статистикаға кіргізген жоқпыз. Оның себебі - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәртібі, регламенті бойынша диагноз қоямыз», - деді ол.

Министрдің сөзіне сенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 1 пайызы ғана ауыр жағдайда. Бұған қоса елімізде 100 мың тұрғынға шаққанда вирустан көз жұмғандардың үлесі - 0,3 пайыз.

«Бұл өзге көптеген елдерге қарағанда айтарлықтай төмен көрсеткіш саналады. Бұған қоса, біз цифрлардың жасанды түрде төмендетілуіне жол бермейміз. Зертханада дәлелдендеген жағдайдың бәрін білеміз», - деді Елжан Біртанов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT