Министр коронавирустың цербер штамы адамдарға қалай әсер ететінін айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда анықталған коронавирустың «цербер» штамының ерекшеліктерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цербер – «омикронның» бір түрі. Омикронның таралған түрлеіне қатысты мониторинг жүргізіп, оларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жалпы, таралған вирустартың арасында «цербердің» үлесі 0,5 пайызды құрады. Адамдар бұл вирус штамын жеңіл еңсеріп жатыр», - деді А. Ғиният Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда коронавирустың симптомсыз жағдайлары көп кездеседі.

«Қазіргі таңда ауруханаларда 100 науқас жатыр. Бұлар негізінен егде жастағы, екпе алмаған, уақытылы екпе алмаған науқастар. 10 науқас ауыр халде», - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, жақында Қазақстанда «Цербер» штамының айналымы табылғанын хабарлаған едік.

Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша республикада Омикрон BQ.1.1 (Цербер) штаммы нұсқасының 0,5% айналымы анықталды, 99,5% – Омикрон штамының басқа нұсқалары.

Штамм тез жұғуымен ерекшеленеді, алайда аса қауіпті емес.


Соңғы жаңалықтар