Министр қазандыққа көмір сатып алу көрсеткіші төмен өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дербес қазандықтарға отын сатып алу үшін шұғыл шара қабылдау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дербес қазандықтар үшін алдағы жылу беру маусымына отынға деген қажеттілік шамамен 3 млн тонна көмір мен 68 мың тонна мазутты құрайды. Бүгінгі күні 2,6 млн тонна көмір және 60 мың тонна мазут дайындалды», - деді министр.

Оның дерегінше, көмір сатып алу Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, мазут Ақмола, Түркістан және Ақтөбе және Қызылорда облыстарында төмен.

«Дербес қазандықтарға отынды уақытылы сатып алу және жеткізу бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдау қажет», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар