Министр кәсіпкерлерді «импорттық қоқыспен» күресуге шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов кәсіпкерлерді «импорттық қоқысқа» тосқауыл қоюға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда жүйесі дистрибьюторлықта құрылғанына тоқталған министр, «Алыпсатарлар, оның ішінде импорттаушылар өнімнің сапасына мүдделі емес, оларды тез табыс қана қызықтырады. Сонымен қатар, олар сертификаттарды жиі сатып алады. Бұл тұрғыда сәйкестікті растау рәсімін бұзушылықпен аккредиттеу органдары берген «сұр» (яғни сынақтар жүргізілмей) немесе жай ғана жалған «қара» құжаттар», - деді.

Оның айтуынша, Ұлттық орталық аталған фактілерді анықтау бойынша шараларды бастап кетті. Осы орайда, Б. Сұлтанов кәсіпкерлерді ішкі нарықты алаяқтардан бірлесіп қорғауға шақырды.

«Біз мұндай «импорттық қоқысқа» тосқауыл қоюды және алдын ала сынақтарсыз өнімді Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салуды ұсынамыз. Яғни, импорттаушы біздің нарыққа қойғысы келетін тауардың сапасын, оның техталаптарға сәйкестігін алдын ала растап, кейін оның шекарадан өтуіне рұқсат алғанын қалаймыз», - деді Сауда және интеграция министрі.

Бұл тұрғыда «көлеңкелі» айналым мен контрафактіге қарсы іс-қимылдың тиімді тетігі ретінде тауарларды таңбалау ықпал етпек.



Соңғы жаңалықтар