Министр қашықтан оқуға болатын платформаларды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде оқушыларды қашықтан оқытатын Bilimland.kz, «Күнделік» , «Дарын онлайн» сияқты арнайы платформалар бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде Bilimland.kz , «Күнделік», «Дарын онлайн» сияқты арнайы платформалар бар. Оны қазіргі уақытта жетілдіріп, дайындап қойдық. Солардың ішінде әр мектеп осы платформалардың біріне тоқталып, жұмыс істейді», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, «Күнделік» платформасына сынама сабақ өткізген кезде 930 мың оқушы кіріп, тиісті дәріс алған.

«Бізде «Дарын онлайн» деген жақсы платформа бар. Ол жерге 300 мың оқушы тіркелген және каникулға қарамастан жұмысын жүргізіп жатыр. оқушылар ол платформаны пайдаланып, жақсы пікір айтуда. Сондай-ақ, Bilimland.kz деген көптен бері қолданыстағы жақсы жүйе бар. Оны қашықтан оқыту форматына жетілдіріп, өзгерту жұмыстарын жүргіздік. Бұл жерге 390 мың бала тіркелген», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар