Министр карантин шараларын жеңілдету туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус көрсеткіштерінің оң қарқыны карантин шараларын кезең-кезеңмен жұмсарту мүмкіндігін береді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Карантиндік шараларды жұмсарту бойынша әзірленген өлшемдерге сәйкес, министрлік инфекцияның репродуктивтік көрсеткішін – бір науқас оқшаулағанша ауру жұқтыратын адамдар саны және КВИ емдеу үшін инфекциялық стационарлардың төсек қорының жұмыспен қамтылу пайызын қадағалайды», - деп атап өтті министр бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, карантиннің 3 аптасында инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші 1,2-ден 0,99-ға дейін төмендеді. Және төсек-орынның қамтылу пайызы 90%-дан 47%-ға дейін төмендеген.

«Осылайша, Денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің жоғарыда көрсетілген оң қарқыны карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жұмсарту мүмкіндігін береді», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар