+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Министр қандай спорт түрлерімен айналысатынын айтып берді

2019 жылғы 15 тамыз 15:30
Бөлісіңіз:
Министр қандай спорт түрлерімен айналысатынын айтып берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қандай спорт түрлерімен айналысатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семсерлесуден Қазақстан кубогі: командалық сындағы жеңімпаздар анықталды Семсерлесуден Қазақстан кубогі: Командалық сындағы жеңімпаздар анықталды Түркістан облысының спортшыларына сый-құрмет көрсетілді

«Мен жүзу спортына жақынмын. Әлбетте, бұрыннан бері спорттық сайыстарға қатысып келемін. Өздеріңіз білетіндей, мен студенттермен бірге сайыстардан қалмайтын едім. Жастарға үлгі ретінде спорттық сайыстарға, бұқаралық спорттық жарыстардан қалмауға тырысамын. Бұл тәжірибені жалғастырып, алдағы уақытта да біздің елдегі сайыстардан мені әлі көретін боласыздар», - деді ол.

Айта кетсек, аталмыш баспасөз мәслихатында Ақтоты Райымқұлова бұқаралық спортты дамыту қалай жүргізіліп жатқанын баян еткен болатын.

«Министрліктің алдына қойған тапсырмалары аясында 2018 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын адам саны 30 пайызды құрады. Яғни сандық көрсеткіште 5,5 млн адам. Бұл тұрғыда бұқаралық спортты дамыту бағытында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 207 млн адамды қамтыған 27 мың спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Ауылдық жерде 1,1 млн адамды қамтыған 16 мың спорттық-бұқаралық іс шара өтті», - деді ол.

Аян Бекенұлы

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT