Министр қандай сауда орталықтарының жауапқа тартылғандығын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов биыл еліміздегі сауда орындарын тексеруден кейін 1,2 мың адам жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресейдегі Кемероводағы оқиғадан кейін біз еліміз бойынша сауда орталықтарында тексеру жүргіздік. Үш айдың ішінде 1 240 сауда нысаны тексерумен қамтылып, оларда 15 мыңнан астам ереже бұзушылық анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 1 220 адам тартылып, оларға 19 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - деді министр.

Осы орайда ол тек 23 нысанда қауіпсіздік жағдайы лайықты деңгейде қамтамасыз етілгендігін атап өтті.

«Берілген нұсқаулар аясында 776 нысан бойынша кемшіліктер толықтай жойылды. Ал өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған 138 нысанға қатысты материал сотқа жолданды», - деді Қ. Қасымов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет сағатында Ішкі істер министрі еліміздеең көп өрт оқиғалары тіркелген 4 облыс атаған болатын. 

Еске салайық, биыл 25 наурызда Кемеровода «Зимняя вишня» сауда ойын-сауық орталығы өртке оранған еді. Қайғылы оқиға салдарынан 60 адам қаза тапты. Олардың қатарында 40 бала болған.

 

 

Соңғы жаңалықтар