Министр ескертіп митингке шығуға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Митингке ескертіп шығу – бассыздық дегенді білдірмейді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Митингке ескертіп шығу – бассыздық дегенді білдірмейді. Енгізілгелі жатқан тың қағидаттар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға айтарлықтай салмақты жауапкершілік жүктегелі отырғанын ұғыну керек. Мәселен, Еуропаның бірқатар елінде акция өткізу туралы ұйымдастырушылар алдын ала ескертуі керек. Демонстрацияға бетперде киіп келуге болмайды. Білуімше, ұйымдастырушылар акция кезінде тәртіптің сақталуына да, қауіпсіздікке де жауап береді. Акциядан кейін қарапайым ғана жүрген жерді тазартып кету де – жауапкершілік. Сол себепті, ескертіп шығу тәртібін бассыздықпен шатастырып алмайық. Әлбетте, белгілі бір процедуралар болады. Ол туралы Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы бар. Осы жұмысты кеңінен жүргізетін боламыз», - деді Дәурен Абаев Хабар арнасынан көрсетілген «Ашық диалог» бағдарламасында.

Еске сала кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев митингтер құқық қана емес, сонымен қатар жауапкершілік екенін түсіну керектігін атап өткен еді.

Соңғы жаңалықтар