+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Министр Денис Тен атындағы академияны ашу туралы: Анасымен ақылдасып жатырмыз

2021 жылғы 15 қазан 16:50
Бөлісіңіз:
Министр Денис Тен атындағы академияны ашу туралы: Анасымен ақылдасып жатырмыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Денис Тен атындағы мəнерлеп сырғанау академиясын ашуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» беларусьтік «ВитЭн» клубымен кездеседі Данияр Елеусіновтің әлем чемпионы титулы үшін айқасатын жаңа қарсыласы белгілі болды Қоян-қолтық ұрыстан ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы кубогының жеңімпаздары анықталды

«Алматыда Денис Тен атындағы мəнерлеп сырғанау академиясын ашуды жоспарлап жатырмыз. Академияның өз мұз алаңы болады. Денистің анасы Оксана Алексеевнамен ақылдасып жатырмыз. Академия ашу жан-жақты талқылау мен уақытты талап етеді. Әрине, Денис Тенді отандық спорт пен мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан жарық жұлдыз деп айтуға болады. Ол академия ашуды өзі жоспарлап, армандаған. Сондықтан да біз бұл істі қолдаймыз және жүзеге асырамыз», - деді Ақтоты Райымқұлова елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.

Еске сала кетсек, министрлік Алматыда Денис Тен атындағы Global Figure Skating мəнерлеп сырғанау академиясын ашу туралы өткен жылы хабарлаған еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада отандық спортшы Денис Теннің құрметіне мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT