Министр Дәурен Абаев елордадағы сенбілікке қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұжымы елордадағы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Бұл туралы министр Дәурен Абаев Фейсбуктег і парақшасында жазды.

«Құрметті достар! Бүгін Астананың барлық тұрғындарымен бірге Ақпарат және коммуникациялар министрлігі де жалпықалалық сенбілікке қатысты. Қаламыздың тазалығы мен гүлденуіне үлес қосқанымыз үшін қуаныштымын. Мұндай шаралар елордамыздың айбынын асқақтатады!», деп жазды Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек, бүгін Парламенттің бір топ депутаттары да сенбілікке шықты. Халық қалаулылары Астананың Ұлы Дала мен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысында тал отырғызды. 

Соңғы жаңалықтар