+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Министр Цой туберкулезбен күрес шараларын мәлім етті

2020 жылғы 20 қараша 12:10
Бөлісіңіз:
Министр Цой туберкулезбен күрес шараларын мәлім етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде 2020-2025 жылдар аралығында COVID-19 әсері салдарынан туберкулезге шалдыққан 1,4 миллион науқас қайтыс болуы мүмкін. Бұл туралы 18-19 қарашада өткен «Туберкулезді тоқтату» Серіктестік кеңесі басқармасының 33-отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырысқа ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.

«Әлемдік қауымдастық туберкулезге шалдыққан әрбір науқасты назардан, медициналық және әлеуметтік көмектен тыс қалдырмауы керек. Әсіресе пандемия кезінде. Оның үстіне, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша 2020-2025 жылдар аралығында 6,3 миллион адам туберкулезге шалдығады және COVID-19 әсері салдарынан 1,4 миллион науқас қайтыс болуы мүмкін», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

«Әлем елдері бірігіп күрескенде ғана қоғамдық ауруға айналған туберкулезді жоя аламыз», - деді А. Цой.

Жиын аясында Африка Денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда министр Алексей Цой әлемдік қоғамдастықты, әсіресе коронавирус инфекциясы пандемиясы кезінде Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті күшейтуге шақырды. Министр қазір Қазақстанның туберкулезбен ауыратын науқастарға стационарлық деңгейде көмек көрсету моделінен МСАК және стационарды алмастыратын емдеу моделіне көшкенін хабарлады.

«Біз туберкулезге қарсы ұйымдарды қаржыландырудың жаңа тетігін әзірледік. Төсек-орын қорын қысқарту есебінен үнемделген қаражат қайта бөлінеді. Осылайша, туберкулезге шалдыққан науқастарды амбулаториялық емдеу мүмкіндігі кеңейді, емдеу мен профилактикада жаңа технологиялар қолданылуда, МСАК деңгейінде науқастарға психо-әлеуметтік қолдау көрсетіледі», - деді А. Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT