Министр биыл көпбалалы отбасыларға қанша пәтер берілетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы көпбалалы отбасыларға 8 мыңнан аса пәтер беріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2017-2018 жылдары 369,8 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үйді (6 797 пәтер) іске қосу жоспарланған, іс жүзінде 429,2 мың шаршы метр (7 750 пәтер) пайдалануға берілді (57,2 млрд теңге бөлінд). 2019 жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын 6002 жалға берілетін пәтермен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл бағытта 32,8 млрд теңге бөлінді», - деді министр Парламент Мәжілісінде «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған Үкімет сағатында.

Бұдан басқа, Елбасының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін 40 мың жалға берілетін тұрғынжай немесе жыл сайын көпбалалы отбасылар үшін 6 мың пәтер салу жоспарланған. Осы мақсат үшін 7 жылдың ішінде 350 млрд теңге көзделген, яғни жыл сайын 50 млрд теңгеден.

«Тұрғын үйге кезекте 38 мың отбасы тұр. 3 өңірде: Түркістан (5937), Алматы (5093) облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында (3409) көп балалы отбасылардың саны көп. Көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін тез арада шешу үшін мамыр айынан бастап барлық қаржыландыру көздерінен 3 046 баспана берілді. Әкімдіктердің деректері бойынша үстіміздегі жылы көпбалалы отбасыларына барлық көздерден 8 мыңнан аса пәтер беру жоспарда», - деді Бейбіт Атамқұлов.
Соңғы жаңалықтар