Министр Біртанов 26 млрд теңгені үнемдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бірыңғай порталдың таныстырылымына қатысты. Аталған портал арқылы тегін медициналық көмекке кіретін дәрілер сатып алынатын болады. Бұған дейін осы жұмысқа тендерлік комиссиялар жауап берген еді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бұл - өте маңызды шара. Себебі екі жылдан бері Президенттің тапсырмасы бойынша xалықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін шешіп жатырмыз. Соның бірі - "СК-Фармацияның" жұмысын ашық жүргізу. Былтырдан бері барлық тендерлік комиссиялардың отырыстарын ғаламтор арқылы көрсетіп отырдық. Көп отырыстар болды. Соның бәрін ашық көрсетудің арқасында бюджет қаржысының 10 процентін - 26 миллиард теңгені үнемдедік. Ол ақша қосымша дәрі-дәрмектерге жұмсалды", - дейді Е.Біртанов.

Министрдің айтуынша, барлық медициналық мекемелерді қағазсыз жұмысқа ауыстырған маңызды. Себебі цифрландырудың арқасында дәрі-дәрмектердің айналымын ашық көріп отыруға болады.

"Жыл басынан бері қағазсыз жұмысқа ауысу бастамасына төрт өңір, одан кейін сәуір айында тағы төрт өңір қосылды. 1 шілдеден бастап қалғаны қосылды. Жылдың аяғына дейін барлық медициналық ұйымдар да, яғни стационарлар мен емxаналардың жұмысы электронды форматқа ауысуы қажет. Соның арқасында біз азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін шеше аламыз", - деп атап көрсетті ведомство басшысы.

Айта кетейік, бүгін тегін медициналық көмек аясында дәрі-дәрмектерді сатып алуға арналған бірыңғай портал таныстырылды. Аталған портал әзірше тесттік режимде жұмыс істейді. Ал бір аптадан кейін толығымен іске қосылады. Содан бастап тегін медициналық көмек аясында барлық препараттар осы портал арқылы сатып алынады. 

Соңғы жаңалықтар