Министр баспана салу жоспарының не үшін орындалмағанын түсіндірді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының неліктен толық орындалмағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша 3 көрсеткішке қол жеткізілген жоқ. Бірінші, 163,1 мың тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші орындалмады, бұл бір баспана үшін базалық ауданның айырмашылығына байланысты. Мәселен, статистика деректері бойынша халық жоспарлаған 6,8 млн шаршы метрден 7 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Яғни, индикативті есептеу кезінде жеке құрылыс салынатын бір тұрғын үйдің ауданы жоспарланған 140 шаршы метрден іс жүзінде 173 шаршы метр шыққан. Ол жоспарланған 48,7 мың тұрғын үйден 40,7 мың тұрғын үйге дейін төмендуіне себеп болды. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлер көлемінде де осындай жағдай, бір пәтер 90 шаршы метрді құрауы тиіс 114,4 мың баспананы пайдалануға беру жоспарланған, іс жүзінде орташа ауданы 110 шаршы метр 108,7 мың тұрғын үй берілді», - деді Қ. Өскенбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Екіншіден, ҚР аумағы арқылы транзит көлемінің өсуі бойынша жоспардағы 25,3 млн тонна орындалмады.

«Оның себебі – Қытай Халық Республикасы тарапынан қатаң санитарлық шектеулер енгізілді, бұл шекара маңындағы теміржол өткелдерінің өткізу қабілетін 2 есеге азайтты. Транзиттік жүктердің негізгі үлесі Қытайға тиесілі екенін ескерсек, бұл транзиттік тасымалдардың жалпы көлемінің шамамен 70%-ы немесе 15,4 млн тоннадан астамын құрағандықтан жоспарға қол жеткізілмеді. Үшіншіден, бұл жағдайлар Транскаспий бағытындағы контейнер ағынын ұлғайту көрсеткішіне де теріс әсер еткен. Жоспар бойынша 45 мың жиырма футтық балама болған, нақты орындалуы шамамен 41 мың болды», - деп түсіндірді министр.


Соңғы жаңалықтар