Министр ауылдық жерлерде тұтыну кооперативтерін дамыту мәселесі бойынша облыс әкімдіктеріне жұмыс топтарын құруды ұсынды

None
None
АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев ауылдық жерлерде тұтыну кооперативтерін дамыту мәселесі бойынша облыс әкімдіктеріне жұмыс топтарын құруды ұсынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Республикада өсімдік өнімінің 60 пайызы және мал шарушылығының 90 пайызы ұсақ, қосалқы шаруашылықтарда өңделеді.  Бұл  бәсекелестік тиімділігін азайтып отыр. Соған байланысты ұсақ шаруашылықтарды біріктіру мәселесі бойынша мақсат қойылды. Бұның бірден бір жолы - тұтыну кооперативтерін құру. Атап айтқанда, бұл әлемде дамыған жүйе болып табылады. Яғни, тұтыну кооперативтері дегеніміз, жекеменшік қосалқы шаруашылықтар, ұсақ шаруашылықтар өзінің ықтиярымен бірігіп, коммерциялық емес кооперативті құрады», деді министр.

Оның айтуынша, биылдан бастап кооперативтердің салығы азайған. Сонымен қатар кооператив құрғанда мемлекет тарапынан жеңілдетілген пайызбен несие берілмек.

 «Бүгінде еліміз бойынша 130 кооператив несие алып жұмыс істеп жатыр. Бірақ бұл көрсеткіш өте аз», деді А. Күрішбаев.

 Осыған байланысты министр селекторлық кеңес барысында кооперация идеясын түсіндіру мақсатында алдағы айдың ішінде облыс әкімдіктеріне арнайы жұмыс топтарын құруды ұсынды. Бұл жұмыс топтарының күшімен жергілікті жерлердегі ахуал зерделеніп, жыл соңына дейін әр облыста сервистік, қамтамасыз ету, өнімді дайындау және оны өткізу бағытында кем дегенде 2-3 ілкі тұтыну кооперативтерін құру керектігін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар