Министр Асқар Умаров Астана және Қазақстан митрополитімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр А.Умаров православ шіркеуі министрліктің елдегі конфессияаралық келісім құндылықтарын дамытуға бағытталған көптеген бастамасына қашан да қолдау көрсететінін атап өтті.
Сондай-ақ Асқар Умаров төтенше жағдай кезінде мемлекет қабылдаған шараларға шіркеудің қолдау білдіргені және түсіністік танытқаны үшін митрополитке өз атынан алғыс айтты.
Өз кезегінде митрополит Александр мемлекет жүргізіп отырған дін саласындағы саясат қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді қамтамасыз етіп отырғанын жеткізді.
Тараптар конфессиялар мен мемлекет арасындағы диалогты дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.


Соңғы жаңалықтар