Министр Арыста жарылыс кезінде әйелді босандырып алған мұғалімдерді марапаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Арыстағы жарылыс кезінде жас ананы босандырып алған мұғалімдерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шайза Доскеева, Балбөпе Өтенова, Жанат Нұржұманова - министрліктің атынан дәл осы үш мұғалім Арыста жарылыс болған кезде мектепте ҰБТ-ның апелляция отырысын өткізіп жатқан болатын. Үрей мен қауіп арасында жүріп, жас келіншекті босандырған мұғалімдердің ерлігі жайлы кеше жазған болатынбыз.
null

«Арыс қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеуді ойдағыдай ұйымдастырып, келесі күні апелляция отырысын өткізіп жатқан уақытта өздеріңіз білетіндей, осындай қиын жағдай болды. Аяқ астынан болған жағдайда әріптестеріміз үлкен адагершілік көрсетті. Келіншекке қиын сәтте көмек көрсетіп, саспай, нәрестенің дүниеге келуіне себепкер болып, кіндікшеше атанып жатыр. Сол себепті, осы әріптестерімізді министрлікке шақырып, құрмет көрсетпекпіз. Біздің ұстаздар осындай. Адамгершілігі мол. Біз оларды мақтана айтамыз. Сондықтан, сіздерге тағы да алғыс айтып, Құрмет грамотасын беруге рұқсат етіңіздер. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын», - деді марапаттау кезінде Асхат Аймағамбетов.

Шайза Доскеева Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің аға оқытушысы. Ал Жанат Нұржұманова Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің доценті. Нәрестенің кіндік шешесі атанған Балбөпе Өтенова Атыраудағы мұнай-газ университетінде сабақ береді. Мұғалімдердің үшеуі де Арыстағы оқиға кезінде Молдабаев атындағы № 1 мектепте ҚР БҒМ өкілі ретінде ҰБТ-ның апелляциялық отырысын өткізіп жатқан.

Соңғы жаңалықтар