Министр Ақтауда спорт алаңын салуға уәде берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда Ильдар Ягъяев пен оған дауыс берушілердің арқасында жаңа street workout кәсіби алаңы пайда болады. Жеңімпаз Challenge StreetWorkout республикалық флешмобының қорытындысы бойынша анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада.кз сайтына сілтеме жасап.

Challenge StreetWorkout сәуірде басталды. Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. Оған 167 адам өтініш берген. Олардың әрқайсысы видео түсірді. Конкурсқа қатысуға тек 126 өтініш жіберілді. Қатысушылардың арасында танымал спортшылар, саясаткерлер мен әкімдер болды. Солардың арасынан Ақтау тұрғыны, қосымша салмақ байлап тартылудан Қазақстан рекордшысы жеңімпаз атанды. Оған 10 мың адам дауыс берген.

«Мен челленджге қатысушылардың барлығына алғыс айтамын. Бұл қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын соңғы науқан емес. Біз таяу уақытта Ақтауда міндетті түрде спорт алаңын саламыз», - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салайық, Ильдар Ягъяев өз видеосында Ақтау, Алматы, Дубай қалаларында жасаған жаттығу элементтерін көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар