Министр Аида Балаева Жапония Елшісімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Өз кезегінде, Елші Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өзара тиімді қатынастарды нығайту туралы ниеттерін білдірді.


Соңғы жаңалықтар