+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Министр Аида Балаева халықаралық ұйым өкілдерімен кездесті

2021 жылғы 17 қыркүйек 17:50
Бөлісіңіз:
Министр Аида Балаева халықаралық ұйым өкілдерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ведомствоның жетекшілік ететін мәселелері бойынша дипломатиялық корпус өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Брифинг ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің конференц-залында өтті. Оның жұмысына таяу және алыс шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың 100-ден астам өкілдері қатысты, олар баяндамаларды онлайн тыңдай алды, оның ішінде 30-ға жуығы офлайн-форматта қатысты.

«Ашықтық пен сындарлы диалог – министрлігіміздің басты ұстанымы. Сонымен қатар, ел Президенті ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асыруы басталғаннан бері бұл қағидат біздің министрлік жетекшілік ететін барлық салаларда жаңа серпін берді», — деп атап өтті Аида Балаева баяндаманың басында.

Мәселен, министрдің өз қатысуымен 15-ке жуық диалог алаңдары тұрақты жұмыс істейді, олардың құрамы, - үштен екісі қоғамдық белсенділер, сарапшылар, бейіндік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұрады. Аида Балаева бұл алаңдарда ҚР АҚДМ қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын тиімді шешімдер қабылданатынын атап өтті.

Министр дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдеріне Министрліктің ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы, этносаралық және диаспоралық саясат, сондай-ақ дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Аида Балаева ақпарат, қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша жаңа заңнамалық өзгерістер мен түзетулерге, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қоғамдық бақылау, онлайн-петиция институтын заңдастыру, коммерциялық емес ұйымдар, діни қызмет және діни бірлестіктер, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жаңа заңнамалық бастамалар туралы егжей-тегжейлі тоқталды.

Сонымен қатар, ол өткен жылы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ 2020-2022 жылдарға арналған ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспарын іске асыру, медиа сала мамандарын оқыту, пандемия жағдайында бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау шаралары және инфодемия жағдайында фейктердің таралуына қарсы күрес шаралары туралы айтып берді.

Министрдің шетелдік дипломаттармен кездесуі шеңберінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ қызметінің презентациясы өткізілді.

«АБҚО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диас Қазақстандағы мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл механизмін жетілдіру туралы материалдарды таныстырды.

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асылбек Есенбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету стратегиясын іске асыру туралы айтып берді.

Шет мемлекеттердің өкілдері Қазақстандағы ақпарат салалары мен азаматтық қоғамның өзекті дамуы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік үшін ризашылықтарын білдірді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің брифингі ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысымен танысу екендігін атап өту қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT