Министр Абзал Әжіғалиевтің олимпиадаға дайындық жөніндегі сын-пікіріне жауап берді

None
None
ЩУЧИНСК. ҚазАқпарат – Шорт-тректен қазақстандық спортшы, Бейжің олимпиадасында 4 орынға ие болған Абзал Әжіғалиев қысқы спорттың дамуындағы олқылықтар туралы айтып берген еді. Осы мәселеге қатысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол мәселені спортшы ретінде көтеріп отыр. Сол арқылы кәсіби спортқа расымен жаны ашитындығын дәлелдеді. Жарарлық іс. Бұл жерде мәселе тек қолжетімсіздікпен байланысты емес. Бапкерлер де сұрақты уақытылы көтеріп отыру керек. Министрліктің мұз айдыны және басқа да спорт саласындағы шешілуі тиіс проблемалардан хабары бар. Мәселені кешенді және жүйелі түрде шешудің жолын қараймыз», - деді Дәурен Абаев Бейжің олимпиадасының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыс барысында тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Еске сала кетсек, шорт-трекші Абзал Әжіғалиев қысқы спорт түрлеріне қатысты олқылықтарды ашып айтқан еді.

Ол Facebook парақшасында олимпиадаға дайындыққа не кедергі келтіретінін тізіп берді.

Айта кетейік, Бейжіңде өткен қысқы олимпиада ойындарында Абзал Әжіғалиев 500 метрге жүгіруден төртінші орын алды.

Сондай-ақ, ол Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шыққан болатын.

Одан бөлек, қазақстандық спортшы ел намысын абыройлы қорғап, өз өнеріне риза екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар