Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.04 EUR 427.77
RUB 5.88 CNY 54.45
Jańalyqtar

Министр Абаев Серікжан Біләштің ұсталуына қатысты пікір білдірді

2019 жылғы 14 наурыз 21:12 3461
Бөлісіңіз:
Министр Абаев Серікжан Біләштің ұсталуына қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ұлттық алауыздықты қоздыру күдігімен ұсталған Серікжан Біләштің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен, шетелдегі қазақтардың мүддесін қорғау - геосаяси ойында басқа елдің ойыншығына айналып кетпеуі керектігін айтқым келеді. Дәл осы тақырыпқа келгенде кейбір БАҚ пен құқық қорғау ұйымдардың белсенділігі арта түсуі әбден мүмкін. Ұстау жағдайына келер болсақ, тергеудің соңын күтуіміз керек. Қасақана ұлттық алауыздықты қоздыру - өте салмақты айыптау. Кез келген этносқа қатысты жиһадқа шақыру - ойыншық емес. Осындай үндеудің кеселінен мыңдаған қарапайым азаматтар зардап шегіп жатады. Қазақ «он пәленің тоғызы тілден» дейді. Жалпы, тергеу бәрін анықтап, жуық арада болған оқиғаның мән-жайы айтыларына сенімдімін», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Еске сала кетсек, Астана қаласының Полиция департаменті 2019 жылғы 10 наурызда ұлттық алауыздықты қоздыру күдігімен Қазақстан Республикасының азаматы Серікжан Біләшті ұстаған болатын. Бұған негіз болған Серікжан Біләштің 2019 жылдың 8 ақпанында Алматы қаласында еске алу іс-шарасы кезінде ашық түрде айтылған этникалық қытайлықтарға қарсы «жиһадқа» шақыруы. Бұл факт бойынша Астана қаласының Полиция департаментімен 2019 жылғы 21 қаңтарда  жергілікті тұрғынның арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабаның 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталған еді.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT