+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Минералды суымен аты шыққан Сарыағашта туризмді дамыту көзделіп отыр

2020 жылғы 4 ақпан 14:52
Бөлісіңіз:
Минералды суымен аты шыққан Сарыағашта туризмді дамыту көзделіп отыр

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Минералды шипалы суымен әйгілі Сарыағаш шипажайлары ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін жоғарылата түспек, деп хабарлайды ҚазАқпарат обылс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Украинада қалып қойған қазақстандықтар елге қалай қайтарылады Шетелдегі қазақстандық туристер Қазақстанның қай қалаларына жеткізіледі Қазақстан 6 мыңға жуық туристі елге қайтару үшін 19 чартерлік рейс ұйымдастырды

Былтыр минералды судан шипа іздеп келген туристер саны 123 мыңнан асқан болса, биыл олардың саны 15%-ға артады деп күтілуде. Осы мақсатта нақты жоспарлар бекітілген.

Бұл мәселелер Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Сарыағаш ауданы әкімінің жылдық жұмыс қорытындысын тыңдау барысында баяндалды.

Бүгінде ауданда 40-қа жуық сауықтыру шипажайы, балалар шипажайлары, гольф клубтар мен 20-дан астам қонақ үй қызмет көрсетеді. Аудан басшысы Мұхит Отаршиев туризмді дамыту барынша жүзеге асырылатынын айтты.

Сарыағаш ауданы экономикасының негізгі тірегі - ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Былтыр жалпы өнім көлемі 77 млрд теңгеден асқан. Алдағы уақытта егістік алқабы 65 мың гектарға ұлғайтылып, жылыжай шаруашылығы мен тамшылатып суару әдісін қосымша 400 гектар жерге жаңадан енгізу жұмыстары жүргізілмек. Әсіресе жеміс-жидек өнімдерін өсіруді кеңейту көзделуде. Есептен кейін аудандағы бірқатар қиындықтарды көтерген облыс басшысы оларды шешу жолдарын шұғыл қарастыруды міндеттеді.

«Құрғақ сөз айтатын уақыт кетті. Нақты және нәтижелі жұмыс болсын. Жүктелген тапсырмалар міндетті түрде орындалуы тиіс. Атқарылатын барлық жұмыстарды қадағалайтын боламын», - деді аудан әкімінің есебін тыңдаған аймақ басшысы Өмірзақ Естайұлы.

Сондай-ақ облыс әкімі Сарыағаш ауданының тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдады. Аудан ақсақалдары ауыз су мен суармалы сумен қамтамасыз ету, халық санының өсуіне байланысты мектеп салу секілді мәселелер көтерді. Аймақ басшысы оларға қатысты жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT