Міндетті және өзара сақтандыру мәселелеріне қатысты құжат екінші оқылымда мақұлданды

None
None
АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжол Жазиннің айтуынша, заң жобасы міндетті және өзара сақтандыру саласындағы құқық мәселелерді шешу болып табылады. «Құжатты  Мәжілістің комитеттері де қарап, өздерінің оң  қорытындыларын берді. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының 12 отырысы өткізіліп, екі оқылымда да оған қатысты ұсыныстар болған жоқ», - деді депутат.

 Осыған орай аталған заң жобасын депутаттар жан-жақты талқылап, оны екінші оқылымда мақұлдау қажет деп шешті.

Соңғы жаңалықтар