12.01.2023 02:50 2023 жылы МӘМС төлемдері қалай өзгерді АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» сілтеме жасап хабарлайды.
10.01.2023 16:20 МӘМС пен тегін медициналық көмектің қаржы ағынын біріздендіру не үшін қажет АСТАНА. ҚазАқпарат –ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның қорытынды алқа мәжілісінен кейін МӘМС пен тегін мединалық көмектің қаржы ағындарын біріздендіру не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.01.2023 12:05 Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен МӘМС қаржысы біріктіріледі АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы кепілдендірілмен міндетті тегін медициналық кқмек пен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметтерінің қаржы ағынын бір арнаға тоғыстырмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.01.2023 19:39 МӘМС: жасанды ұрықтандыру процедурасы еліміздің 19 клиникасында өткізіледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры экстракорпоралды ұрықтандыру бойынша 7 өңірдегі 19 медициналық ұйыммен шарттар жасасқан. Бұл туралы ҚазАқпарат ӘМСҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
02.01.2023 22:23 ШҚО тұрғындарына бір жылда 27 мыңға жуық ота жасалған ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында былтыр 6400-ден астам адам медициналық оңалтудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.12.2022 19:46 МӘМС: 12 млн астам адамға стоматологиялық қызмет тегін көрсетілді АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы 11 айда 12 млн астам адамға стоматологиялық қызмет тегін көрсетілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
29.12.2022 14:41 МӘМС: Қазақстандықтар көптеген ота түрлерін кезек күтпей-ақ тегін жасата алады АСТАНА. ҚазАқпарат - «Елордада, №9 қалалық емхананың амбулаториялық хирургия орталығында пациентке липомэктомия бойынша ота жасалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сілтеме жасап хабарлайды.
29.12.2022 02:26 ШҚО-да 130 мыңға жуық адам МӘМС жүйесінде әлі сақтандырылмаған ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері ауруханалар мен дәрігерлердің жұмысына қатысты 1300-ден астам шағым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.12.2022 05:19 Медициналық сақтандыру: Пациент құқығын қалай қорғайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Көптеген қазақстандықтар медициналық сақтандыру саласындағы консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімсіздігіне (жабдықтың болмауы, күту ұзақтығы, жолдама бермеу, кадрлар тапшылығы), медициналық көмек көрсету сапасына, ұзақ күтуге көбірек шағымданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сілтеме жасап.
01.12.2022 15:43 Астанада сапасыз медициналық қызмет көрсеткендерден 1,7 млрд теңге өндірілген АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 366 029 кемшілік анықталып, 1 млрд 737 млн теңге өндірілді. Мұны бүгін елордада БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.12.2022 14:29 Жыл басынан бері елордада 33 нәрестенің жүрегіне ота жасалған АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Астанада бір айға толмаған 33 сәбидің жүрегіне ота жасалған. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» елордадағы филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.12.2022 13:53 Астана тұрғындары бес жылда МӘМС жүйесіне 157,8 млрд теңге аударған АСТАНА. ҚазАқпарат – 2017 жылдың шілдесінен биығы қараша айына дейінгі аралықта Астана қаласы бойынша МӘМС жүйесіне 157,8 млрд теңге түсті. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Астана қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.12.2022 13:37 Биыл Астанада Аңсаған сәби бағдарламасы шеңберінде 514 квота бөлінген АСТАНА. ҚазАқпарат – «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биыл Астана қаласында экстракорпоралдық ұрықтандыруға 514 квота бөлінді. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Астана қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.12.2022 13:32 Биыл 187 мыңнан аса елордалыққа 13 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы он айда Астанада 187 530 пациент 13 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілді. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» елордадағы филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.12.2022 13:29 МӘМС жүйесінде елордалықтардың 18% сақтандырылмаған АСТАНА. ҚазАқпарат – МӘМС жүйесінде елордалықтардың 82 пайызы сақтандырылған. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Астана қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.12.2022 09:19 Дәрігерлер Астана тұрғынын мүгедектіктен сақтап қалды АСТАНА. ҚазАқпарат - Паркинсон сырқаты мазалайтын 52 жастағы Астана тұрғынын дәрігерлер қимыл-қозғалыс функцияларының бұзылысынан құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.11.2022 20:52 Қарағандыда 140 науқас псориазды емдейтін қымбат медқызметті тегін алып жатыр ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Псориазбен ауыратын 140 қарағандылық тегін медициналық көмек алады. Емге қажет препараттың бір ампуласының құны 1 млн теңгеден асады. Бұл мақсатқа 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.11.2022 16:14 Алматыда МӘМС шеңберінде 90,1 млрд теңге көлемінде тегін операциялар жасалды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындарына биылғы 9 айда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 90,1 млрд теңге сомасында қызмет көрсетілді. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.11.2022 02:31 Биыл елорда оқушыларына 1 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілген АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылы еліміздің оқушыларын профилактикалық тексеру және сауықтыру шараларына 26,1 млрд теңгеге шарт жасалған. Бұл туралы ҚазАқпарат «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
21.11.2022 14:57 9 айда балаларға 324 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді АСТАНА. ҚазАқпарат - МӘМС жүйесін енгізу балалар денсаулығы профилактикасына және оларды емдеуге көбірек қаражат бөлуге мүмкіндік берді. Бір бала үшін жұмсалатын денсаулық сақтау жүйесінің шығындары 22%-ға өсті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры балаларға медициналық көмекке қанша қаражат жұмсалғаны туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.