Миллионер болғыңыз келе ме

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық жазушы, кәсіпкер Брайан Треси өзінің «Миллионерлердің табысқа жетуінің 21 құпиясы» атты кітабында: «Қазіргі уақытта біз адамзат баласының бүкіл тарихындағы ең ұлы дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінде бәрін жаңадан бастап, байлыққа кенелген адамдар қатары өте көп. Мұндай бұған дейін болған емес және ондайды көз алдыңа елестетудің өзі қиын», деп жазған болатын. Шындығында да да солай. Мүмкіншілік те көп. Мәселен, қазақ миллионерлерінің қатарынан көрінгіңіз келсе «Хабар» арнасындағы «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасына қатысып, бағыңызды сынап көргеніңіз жөн.

Бұл бағдарлама «Хабар» арнасының экранында қазақ тілінде 2004 жылы шыққан еді. Екі жылға созылған бағдарлама барысында мыңдаған қазақстандық өз білімдерін сынады. Ал ағымдағы жылдан бастап қайта эфирге жол тартқан телешоудың бірден-бір ерекшелігі жүлде қоры 2 есеге ұлғайтылып, 10 миллион теңгеге жетіп отыр.  Сонымен қатар «күймейтін» қаржы қоры да өсті, бірінші «күймейтін» қаржыда қатысушы 20 мың теңгеге ие болады. Ал екінші «күймейтін» қаржы 300 мың теңгеге жетті. Өзгермеген бір нәрсе, бұл ойын ережесі. Танымал жүргізуші, журналист Досымбек Өтеғалиев жүргізетін телешоуға келген 10 адамнан 1 ойыншы таңдалып, 15 сұраққа дұрыс жауап берсе миллионер атанады.

Әр ойыншыға үш жеңілдік беріледі: «50/50» - компьютер жауаптың екі қате нұсқасын алып тастайды; «Досқа қоңырау шалу» - ойыншы досына қоңырау шалып, 30 секундтың ішінде ақылдаса алады; «Көрермен көмегі» - залдағы әр көрермен өзі дұрыс деп есептеген нұсқаны белгілейді, ойыншыға дауыс беру статистикасы көрсетіледі.

Зияткерлік шоуға 18 жасқа толған кез келген азамат қатыса алады. Шарттары да оңай. «К1» мәтінін 3698 нөміріне жіберсеңіз жеткілікті. Олар тіркеліп, түсірілім басталғанға бірнеше апта қалғанда генератордың көмегімен таңдалады.

«Ойынның ерекшелігі студияда бір ғана ойыншы болады және оның 15 сұраққа қанша уақытта жауап беретіні маңызды емес, яғни, ойлануға уақыты бар, сонымен қатар «досынан көмек», «елу де елу» және «көрермендер көмегі» сынды жеңілдіктер де қарастырылған. Егер, сұрақ қойылып, жауабына сенімді болмаса, кез келген уақытта ойынды тоқтатып, ұтысын алып кете алады», - дейді «Хабар» телеарнасы Бағдарламалар директоры Айкүміс Сексенбаева.

Бағдарламаның түпнұсқасы тұңғыш рет 1998 жылы «ITV» телеарнасында жарық көрді. Сол уақыттан бері жоба әлемнің 160 аса елінде көрсетіліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Олай болса, әр сенбі сағат 20.15-те «Хабар» телеарнасынан «Миллион кімге бұйырады?» ойынын тамашалаңыздар!

null Қазақ миллионерлерінің қатарына қайсыңыз қосылар екенсіздер?null Білімің мен жылдамдығың сыналар сәт
null Мен біріншімін

null Жеребе тасталды, ойын басталды

 null Ал жеңіл сұрақтан бастадық, шама-шарқыңызды байқап көрейік

 nullЖүргізушінің бұл сауалы бізді де ойландырып қойды ғой

nullСәттілік серік болсын 

null  Ту, оңай мақал екен: «Сабыр түбі сары алтын»

null  Ойын жалғастырамыз ба, әлде...

nullБастапқы 5 сұрақ жеңілдеу, одан кейін күрделене түседі


null Миллион, миллион теңгелер, Досымбектей жүргізушіге кім тең келер...null Зияткерлік шоуды түсіруге заманауи техникалар қолданылады.
null  Басы жап-жақсы басталып еді
null Миллион сізге бұйырсын
null  Қиын сұрақ, көмек алмасқа амал жоқ

Соңғы жаңалықтар